Мейрамбек Беспаев - Таудағы көктем
Мейрамбек Беспаев - Таудагы коктем
Сай-саланы,
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай.
Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
Қасқа бұлақ,
Тастан құлап,
Бара жатыр
шапқылап.
Шыңылдаған,
Сыбырлаған,
Айқай тастар -
саққұлақ.
Бір жүрекпен,
Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген,
Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың,
Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.
1 view
70
22
5 months ago 00:08:29 1
БАТЫР ҚЫЗ АЭСТЫ ҚОЛДАҒАН ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖЕР ЕТТІ
5 months ago 01:29:18 1
Мейрамбек Бесбаев / Беспаев - Әндер жинағы (мәтіндерімен)
6 months ago 00:46:07 1
Мейрамбек Беспаев. Ең үздік термелер жинағы
7 months ago 00:04:08 1
Мейрамбек Беспаев - Кінәләма.flv
8 months ago 01:03:53 1
МУЗАРТ - ҚЫЗЫҚ TIMES I Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанабілов | ЗАМАН тобы