Полиция Шымкент әкімдігі алдында аштық жариялағандар мен жақтастарын күштеп әкетті

Саяси қуғынды тоқтатуды талап еткен шымкенттік үш белсенді 1 шілдеде қала әкімдігі алдында аштық акциясын жалғастырды. Оларды қолдап әкімдік алдына бір топ адам жиналған еді. Бейсенбі күні түсте 40-50 шақты полицей келіп, қарсылыққа қарамастан наразы топты күшпен газельге отырғызып, алып кетті.
Back to Top