Сүйемін сені сүйгенім Авторы: Сері Жігіт яки Сүлейменов Саламт

Сүйемін сені Сүйгенім. Білесінбе өзіңді сүйем қымбаттым, Қалайша сені бөтенге жаным қимақпын. Тағдырдың бізге жазуы басқа болғанмен, Бұл күнде жаным өзіңді ғана ойлаппын. Ойымнан сені шығарған емем мен деген, Өзіңдей жаным ешкімді мен сүймегем. Жолықсаңда кеш жаным маған бір өзің, Өзіңді ойлап сағыныштан күйген ем. Ойлаймын сені ойымнан сені шығармай, Дерсін сен жаным айтшы маған бұл қалай. Жүрегім жаным өзіңді іздеп соққанда, Тағдырға қалқам өкпемді айттым бірталай. Арамыз алыс қашықтық бөліп тұр бізді, Өзіңсіз жаным қарсы алдым мынау бұл күзді. Сарғайған күзгі жапырақтай мен сарғайып, Ойлаумен жүрмін сағынып жаным бір сізді. Армандаумен өтіпте жатыр күндерім, Өзіңді қашан көремін қалқам білмедім. Алыста жаным болсаңдағы сен менен, Жан тәніммен сүйемін сені сүйгенім. Сері Жігіт жыл Сағат - 15:30
Back to Top