Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады.

Ақпарат құралдарына арнап ашық жаттығу өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) білек күшін сынамақ болған журналистің қолын сындыра жаздады, деп хабарлайды . FightHub TV телеарнасының тілшісі Маркос Виллегас жаттығу жасап жатқан Головкиннің білек күшін сынағысы келіп, айналшықтап шықпай қояды. «Білек күшімді білгің келсе, мә, қысып көр» деп алақанын ұстатқаны сол-ақ екен, журналистің ышқырынған дауысы шығады. Сондағысы, Виллегас боксшының соққысының не білегінің емес, бар болғаны алақанының күшін сезінген. Журналист мұны аз көрген болуы керек, сол қолының да күшін сынамақ болады. Алғашқы жағдай бұл жолы да қайталанады, тіпті, сол қолдың күші алғашқысынан да басымырақ екенін байқайды. Мұны журналистің: «Сұмдық-ай, не деген күш! Құдды бір 200 фунт тартатын жігіт қолымды қысқандай сезіндім» — деген сөздерінен ұғуға болады. Айта кетейік, отандасымыз 10 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі 23:00-де Лондондағы О2 аренада британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кезекті жекпе-жегін
Back to Top