You should speak Qazaqsha

Биыл жазда Назарбаев Университетінде шетелдік студенттер үшін қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылған. Курстың ерекшелігі - ағылшын тілі арқылы қазақ тілін оқыту. Курсқа қатысқан жапон, мексикалық, бангладештік, ұлыбританиялық және америкалық 5 студент қазақ тілін әліпбиден бастап үйреніп, 8 аптаға созылған курстың соңында таза қазақша сөйлеп шыққан. Студенттер күніне 3,5-4 сағаттан аптасына 5 күн қазақ тілін оқыған.
Back to Top