анды ткелдегі лім

Теміржол бойында тағы да сұмдық апат болды. Алматы облысында жолаушылар пойызы автобусты ортасынан турап өтті десе де болады. Сау-тамтығы қалмаған қоғамдық көліктің видеолары кешелі бері әлеуметтік желіде өріп жүр. Өкінішке қарай, автобус жүргізушісі оқиға орнында бірден көз жұмды. Тағы үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алайда, “кінәлі жүргізуші емес, кептелістің алдын алмаған аудан басшылығы“ деп шулаған куәгерлер Шамалған станциясын онсызда бұрыннан “қанды өткел“ деп атайтын. Теміржол үстінген көпір салу туралы бастаманы бұған дейін де талай мәрте көтерген. Талаптарын бұл жолы тағы да қайталады. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top