Елорда: сол жағалаудың жарықсыз қалуына не себеп?

Астананың ең элиталық бөлігі жарықсыз қалды. Депутаттар, бай-бағландар тұратын қымбат үйлерді айтпағанда, Парламент, Үкімет үйі, тіпті Ақорданың өзі қараңғыда қалды. Басқасын айтпағанда, еліміздегі ең қауіпсіз стратегиялық нысан болып саналатын Ақорда қалайша жарықтан ажыратылып, шенеуніктердің күні дизельдік генераторға қарап қалды дегенге сену қиын. Бірақ дәл солай болды. Бұл “апатты жағдай“ деп шұғыл мәлімдеме жасаған президент, кінәлі адамдарды тез арада анықтауды тапсырды. Ал, елорданың қарапайым тұрғындары “жарықсыз ақырзаман болды“ деп, қара суықта электр қуатынсыз өткізген бір күндері қалай болғанын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Тоңып, сусыз, тамақсыз қалдық дегендер де бар. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top