Жастар арасындағы квест ойын

Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ағымдағы жылдың 10 қазанында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастарға Елбасының Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын және мемлекеттік бағдарламалар мен олардың жүзеге асырылуын насихаттау мемлекеттік бағдарламалар бойынша білімдерін жетілдіруге және жалпы бірлесе топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған квест ойынын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Маңғыстау политехникалық, энергетикалық, туризм және өнер колледждерінің студенттері қатысты. Барлығы - 40 қатысушы. Квест-ойыны барысында қатысушылар жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сұрақтарды 5 кезеңнен тұратын логикалық жұмбақ ретінде шешіп, қызығушылығы артты, сонымен қатар, аталған сұрақтарға қатысушылар QR код арқылы қол жеткізіп, цифрлық сауаттылығының артуына үлес қосылды. Жалпы аталған іс-шаралар Қазақстанның жан-жағынан келген студенттердің жұмыла ортақ мәселені шешіп, бір-бірімен достасуына ықпал етіп, мемлекеттік бағдар
Back to Top