Ұлы дала ұлы ма, ұрысы ма?

Оңтүстік астанада бейбіт жиынға жиылған адамдарды полиция қоршауға алып, ұрып-соғып жатса, солтүстік астанада думанды керуен. Астана күні деп аталатын Назарбаевтың туған күні қалай өтті? Туған күнді күтпей, сыйлық сыйлау ерте басталып кетті. Биыл отшашу жоқ. Десе де, Нұр-сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасы жанында Нұр-сұлтан күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші орнатылды. Бір туған күнге бір ескерткіш аз деді ме, Түркістанда тағы біреуі ашылды. Сонымен, тірі Назарбаевтың ескерткіштер саны 18-ге жетті. Бүгінгі шығарылымда осы және өзге де апта ішіндегі ең маңызды жаңалықтарды шолып өтеміз.
Back to Top