СҚО-да 8 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың! Бүгін облысымызда 8 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Олардың 150-ге жуығы қаламыздағы №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенін таңдаған. Білім күнінде бұл ұл-қыздар салтанатты жиында сап түзеп, алғашқы оқулықтарын қолға алды. Әріптесім Маржан Қасымбек толығырақ баяндасын.
Back to Top