Шарипова - Гонтарюк кәсіпқой бокс кеші Хабар телеарнасында

Кәсіпқой бокстан Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы Фируза Шарипова IBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына таласады. Боксшы ару 30 желтоқсанда Алматы қаласында белгиялық Джемилла Гонтарюкпен кездеседі. Әйелдер арасындағы бокстың басты жекпе-жегін «Хабар» арнасынан сағат 23:00-де өткізіп алмаңыздар!
Back to Top