Мектепке жол

БҚО жастар ресурстық орталығы ұжымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беру мақсатындағы қайырымдылық акциядан шет қалған жоқ. Қаламыздың шет жақтарындағы Желаев және Круглоозерное кенттік округтеріндегі әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен 10 балаға қамқорлық танытты. Көңіл – шашылған нұр деген нақыл сөз бар қазақта. Біздің ұжым да бүлдіршіндерімізге көңілін мектеп сөмкесі мен құрал–жабдықтары арқылы білдірді. Сонымен қатар жастар ресурстық орталығы жұмыс барысындағы серіктестері арқылы балаларға спорттық киім мен аяқ-киімдерін де сыйға тартты. Елбасымыздың саясатын берік ұстанып, кеңпейілділік танытқан біздің серіктестеріміз: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалы, «Орал АИС Алматы ИнжСтрой» АҚ филиалы, «БатҚазЭТК» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ.
Back to Top