Бейбарыс батыр

Картоп теріп жүрген 4 жасар Бейбарыс батыр атасының баласы. Бала күнімізде біздің ауыл Коммунизм совхозы еді. 4 сынып 1 қыркүйек алғашқы қоңыраудың дауысын естіген соң 2-ші қыркүйектен бастап екі ай толық қазан айының соңына дейін картошка теретін едік. Ауылда бұл науқанға қатыспаған адам қалмайды. Мыңға жуық оқушы, мұғалімдер, дəрігерлер, бала бақша тəрбиешілері тағы басқа ауылымыздағы 3000 мыңға жуық азаматтар ат салысатын. Көрші ауылдардан көмекке келетін, Алматыдан студенттер, солдаттар келін көмектесетін бас аяғы 5000 мыңнан аса адам бір жарым екі ай бойы осылай жұмыс істейтін. Қолымыз бес батпан, бетіміз жарылған бірақ осы екі ай біз үшін үлкен мереке болатын. Таңғы сегізде автобусқа тиеп апарады барғанша қормен өлең айтып барамыз. Кешкі алты, жетіде автобус болмаса ашық Газ 53 немесе ЗИЛ-ге тиеп ауылға алып келетін.Қолымызда бір-бір шелегіміз бар. Оған ең əдемі, аппақ картошкадан толтырып аламыз. Ал егер оны 😁 Агроном ағай көріп қойса болды қамшының астына алады. Аялдама мен біздің үйдің арасы бір шақы
Back to Top