Қазақстанда шынайы саяси өзгерістер қашан болады?

Заңгер Алексей Сонның консультациясына мына сілтеме арқылы жазыла аласыз: Каналға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 (kaspi) Қазақстанда рұқсат етілген митингіге екі жүз адам әрең жиналса, Беларусь халқы үш айдан бері дамыл таппай, күн сайын әділетсіз сайлауға қарсы наразылыққа шығуын жалғастыруда. Ал Молдовада президент сайлауында бұрынғы премьер-министр, оппозициялық партияның төрайымы жеңіске жетті. Қазіргі президент жеңілгенін мойындамады. Лукашенконы президент сайлауында жеңіске жеткенімен құттықтағандардың қатарында ол да бар еді. Сондай-ақ елімізде парламент сайлауы деп аталатын театр қойылымы жалғасуда - “Ауыл” партиясы журналистерден қашып жүр. Бүгінгі шығарылымда осы тақырыптар және “Қазақстанда саяси өзгерістер қашан орын алады?” деген сұрақ аясында сөз қозғайтын боламыз.
Back to Top