Dimash full performances

askhatmaemirov  Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсіміне арналған еліміздің өнер шеберлерінің салтанатты концертінде ДИМАШ ән салып, халықтың ықыласында шек болмады. Халық Өзінің дарынды да дара ұлына ұзақ қол соқты. Сағынғаны көрініп тұр. «Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!» Құрманғазының күйі “Адай” - Димаш, Таңат, Олжас. Димаштың “Самалтауы“ - мыңдаған жүректі тебірентіп, мың өліп мың тірілген, тағдыры сан мәрте қылкөпірден өткен халқымыздың қилы тарихын көз алдымызға әкелді.
Back to Top