Ислам, иман жне ихсан (2-хадис) - Базат Ажол

ХАДИСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Ибн Дақиқ әл-Ғид: «Бұл – жария және жасырын іс-амал міндеттерінің барлығын қамтыған ұлы хадис. Барлық шариғат ілімі осыған тіреледі және осыдан тарайды. «Фатиха» сүресі Құранның бүкіл мағынасын қамтығандықтан «Құранның анасы» (Уммул-Қуран) аталғанындай, бұл хадис те сүннет ілімін түгелдей қамтығандықтан «сүннеттің анасы» (Уммус- Сунна) секілді», – деп айтқан. Бұл – мутәуәтир1 хадис. Өйткені ол: Әбу Һурайра, Омар, Әбу Зарр, Әнәс, Ибн Аббас, Ибн Омар, Әбу Амир әл-Ашғари және Жәрир әл-Бажали (Алла оларға разы болсын) сынды құрметті сегіз сахабаның риуаяттарымен келген.
Back to Top