Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқандарға оны растайтын құжаттарды жинау қажет емес енді. Бұл туралы бірер сағат бұрын ғана арнайы брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші енді тек қызметкерлерінің тізімін ғана ұсынады деді ол. Немесе олар жұмыс берушінің әрекетін күтпей-ақ өздері де өтініш бере алады.
Әлеуметтік көмек алатындардың шеңбері кеңейетін болды. Осыған дейін шағын және орта бизнес субьектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар яғни адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар, біріңғай жиынтық төлемді төлеушілер алады деп белгіленсе, енді оларға азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс табатындар мен карантин аумағында жұмыс істеп жүрген ірі бизнес субьектілерінің қызметкерлері қосылып отыр.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
78 views
8
1
2 years ago 00:00:00 1
«МӘМС шеңберіндегі медициналық көмекті қаржыландыру және көлемі»
4 years ago 00:57:24 1
Атаулы әлеуметтік көмекті (АСП) кімдер ала алады?
4 years ago 00:01:37 1
Маршрут пациента: как бесплатно получить КДП?
5 years ago 00:02:27 1
Әлеуметтік көмекті қайтарыңдар деген әкімдік аналарды сотқа бермек