Дрет алу. Ниет етушілер ниеттерііз абыл болсын. Аллах таала сіздерге разы болай.

“Дәретті болып жүрудің маңызы үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Дәретті болып жүрген адам, ораза ұстаған адам сияқты.» (Дәйләми) «Жақсылап алынған дәрет – иманның жартысы.» (Ибн Хиббан) «Дәрет алған адамның күнәлары, ағаш жапырақтары төгілгендей төгіледі.» (Табарани) «Жан алатын періште келген кезде дәретi бар адам шәһидтік мәртебесіне қауышады.» (Табарани) «Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген күнәлары судың соңғы тамшысымен ағып кетеді. Аяқтарын жуған кезде аяқтарымен істеген күнәлары сумен бірге төгіледі. Осылайша бүкіл (кіші) күнәлардан тазаланған болады.» (Мүслим) «Дәрет алу үшін бетіңді жуған кезде күнәларың кірпіктеріңнен төгіледі. Қолдарыңды жуған кезде қол тырнақтарынан, басты мәсіһ еткен кезде басыңнан, аяқтарыңды жуған кезде аяқ тырнақтарынан күнәларың төгіледі. Намаздың сауабы пайдага қалады.» (Рамуз)
Back to Top