Бір ай қаза болған намазды оқуға бола ма?

Қаза намазды өтеудегі реттілікті сақтаудың үкімі Парыз және уәжіп намаздарды өз уақытында орындау أداء«әдә», ал уақыты өтіп кеткен жағдайда өтеу قضاء «қаза» деп аталады. Намазды ешбір негізсіз тәрк ету ауыр күнә. Алайда, оның қазасы оқылуы тиіс. Құран Кәрімде: «Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (өтелсін деп) парыз етілді»(«Ниса» сүресі, 103-аят.), – делінген. Ибн Масғұд (одан Алла разы болсын) мынандай мысал келтіреді: «Хандақ күні мүшріктер Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт намазды оқуға кедергі жасады. Тіпті Алланың қалауымен түннің белгілі бір уақыты да өтті. Билалға (азан шақыруды) бұйырды. Ол азан айтты. Бесінді оқыды. Кейін қамат айтты. Екінтіні оқыды. Тағы қамат айтты. Ақшамды оқыды. Сосын тағы қамат айтты. Құптанды оқыды»(Тирмизи, Ахмад және Нәсаи риуаят еткен.). Өзінің бүкіл өмірінде төрт-бес уақыт намазды ғана қаза қылған адамға ең әуелі қаза намаздарын, содан соң уақыты кірген намазды оқу – парыз. Бұл адам сахибут-тартиб (тәртіп иесі) деп аталады. Мыс
Back to Top