СЕНІҢ УАҚЫТЫҢДЫ КІМ ҰРЛАП ЖҮР!

ӘНШІЛЕР БІЗДІ АСЫРАМАЙДЫ... Сингапур, Малайзия, Батыс, Қытай, Жапон, Ізденіспен ілгері дамып жатыр. Әлі күнге оларда ғылым, білім, Әмір беріп әуелгі тағында тұр. Біздікілер аспанға қараймын деп, Жұлдызды санаймын деп лағып жатыр. Бар тапқаны қазіргі бауырлардың, Жарысып тойханалар салып жатыр. Эфирдің де тізгіні біле білсең, Әнші мен шоумендердің қолында тұр. Мемлекеттің ертеңі біле білсең, Әншіде емес ғылым мен ғалымда тұр. Ауруын жасырған өледі ғой, Өндірісің көп елдің шаңында тұр. Себебін білесіздер біздің елдің, Аяғынан шоу-бизнес шалып жатыр. Ырың-жырың асаба алға шығып, Ғылым, білім тасада қалып жатыр. Мұхтар Нияз
Back to Top