Шегіртке мен мырса

✅ ШЕГІРТКЕЛЕР МЕН ҚҰМЫРСҚАЛАРДЫҢ ШАЙҚАСЫ Бала кездеріңізде “Фликтің оқиғалары (1998)“ атты мультфильмді тамашалағансыздар. Бүгінгі таңда оны басқа қырынан тануға болады. Аталмыш мультфильм әлемге әйгілі “құмырсқа мен шегіртке“ ертегісіне негізделген. Бұзақы шегірткелер тобыры құмырсқаларды бопсалап, қоқан-лоқы көрсетумен оларға жәбір көрсетеді. Құмырсқалар өздеріне әрі шегірткелерге де азық жинауға мәжбүр болады. Алайда құмырсқалар ауызбіршіліктің арқасында оларға төтеп береді. Жаңағы “шегіртке мен құмырсқа“ ертегісі сәйкес шегіртке жаз бойы секіріп, ән айтып, би билеп, қыдырып бар уақытын көңіл-көтерумен өткізеді. Ал құмырсқа ертеңгі күнін ойлап, қысқа азықтанады. Бір күнмен өмір сүретін шегіртке қыс келгенде қиналады. Бұл ертегіні Абай атамызда ғибрат ретінде жазып қалдырған: “Шырылдауық шегіртке, Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған“. Ақыл иесіне тәлімі мол ертегі. Оған қоса табиғатта да құмырсқа еңбекқорлықтың белгісі болса, шегіртке жүрген жерінен шөп шықпайтын зиянкестер санатына жатады. #ҚұмырсқаМенШегіртке Оценили 0 человек
Back to Top