Пай, пай, өмір! Өтесің-ау бір күні...

Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні. Тиясың-ау қуанышты күлкіні. Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген – көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесің-ау бір күні! Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау! Өмір дейтін – тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін – өлемін деп қарамау.
Back to Top