Дуров Такер Карлсонға сұхбат берді

Ол АҚШ-тың барлау агенттіктері оның қызметкерін өздеріне қызмет етуге көндірмек болғанын айтты. “Соңғы рет АҚШ-қа барғанымда, Telegram-да жұмыс істейтін инженер менімен бірге болды. Киберқауіпсіздік саласының қызметкерлері оны менің назарымнан тыс жасырын түрде жұмысқа жалдауға тырысты“, - деді Дуров. Дуровтың айтуынша, кейде ол АҚШ-қа барғанда барлау агенттері оны әуежайда күтіп алып, кейде тіпті ол жалға алған үйге де барған.
Back to Top