Жаңа «Жас Отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Бүгіннен бастап елімізде «Жас отбасы» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба бойынша несие стаскасы 6 процент. Екі жылдан кейін 5 пайызға төмендетіледі. Қарыз 6-дан 9 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен «Жас отбасы» деген депозит ашуы керек. Сөйтіп, бір жылдың ішінде баспананың жалпы құнының 50 пайызын жинап, “5“ деген бағалау көрсеткішіне жетуі қажет. Депозит ашқан сәтте жас жұбайлардың некеге тұрғандарына үш жылдан аспауы тиіс. Бұл бағдарламаның тағы бір артықшылығы - ерлі-зайыптылардың жасы мен бала санына шектеу қойылмайды. Олар пәтерді бірінші немесе екінші нарықтан таңдай алады. Тіпті болмаса жер телімін алып, үй салуларына болады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top