15-16 маусымда Елордада Халықаралық «Voice of Astana» эстрадалық әндер фестивалі өтеді. Фестиваль Астананың 20 жылдығын мерекеле

15-16 маусымда Елордада Халықаралық «Voice of Astana» эстрадалық әндер фестивалі өтеді. Фестиваль Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіледі. «Voice of Astana» фестивалі бірнеше іс-шараларды қамтиды: «Астана дауысы» халықаралық байқауы, Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші және Батырхан Шүкеновты еске алу кеші. Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешіне ресейлік танымал әншілер қатысады: Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков. Сонымен бірге, кеште қазақстандық танымал жұлдыздарда болады, олардың қатарында: «МузАрт» және «The Jigits» тобы, Дильназ Ахмадиева, Марсель, Jah Khalib және Роза Рымбаева. 16 маусымда кездескенше!
Back to Top