#КТКжаңалықтары
Оңтүстік Кореяға барамыз дегендер опық жеп қалды! Олар шетелде жұмыс істеп, мол ақша табамыз деп ойлаған. Бірақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған елуге жуық азаматты, өздерінің айтуынша, алаяқтар алдап соғыпты. Жарнамасын әлеуметтік желіде таратқандар бізді Оңтүстік Кореядағы белді компанияларға жұмысқа орналастырамыз деп уәде еткен дейді олар. Одан қалды, жатын орны мен тамағы тегін деп тағы қызықтырған. Ал осының бәрін ұйымдастыруға алдымен 900 доллар сұрапты. Осылайша, бар тапқан-таянғанын күдікті компанияға жинап бергендер жер сипап қалды.
#Оңтүстік_Корея #жұмыс #алаяқтар