Ең жаман күнә – “Алла Тағала мені кешірмейді“,- деп ойлау. “Менің күнәм кешірілмейді“,- деп есептеген кезіңіз.
Қайда болсаңыз да жиі-жиі истиғфар айтып жүріңіз. Алладан кешірім сұраңыз. “Астағфируллаһ“,- деңіз.
Егер жасаған күнәңіз есіңізге түссе, Алла Тағаладан қайтадан кешірім сұраңыз. Алланың кешірмейтін күнәсі жоқ, ескі күнәңіз еске түскен сәтте кешірім тілеңіз.
Алладан қайта қайта кешірім сұрау жақсы амал. Дұға тілектеріңізді сұрағаныңыз сияқты. Егер бір қажетіңіз болса, Алладан бір рет, екі рет, тіпті миллион рет сұраңыз. Қайталап сұрай беріңіз. Бұл - ғибадат болып саналады. Неге екенін білесіз бе? Сіз Аллаға жалбарынған әрбір уақытыңызда Оның Беруші екенін, “Алла - менің Раббым“,- деп мойындап тұрсыз.
Сондықтан, Алладан қажетімізді жиі сұраудан ұялмайық!
11,495 views
896
255
4 months ago 00:12:48 1
Алладан кешірім сұрап, несібенді еселе!
9 months ago 00:02:07 1
Бұл Алладан кешірім сұрау дұғаларының төресі #aydarkarakozov #2024