Елдегі жағдай: Коронавирус бес адамның өмірін жалмады

#КТКжаңалықтары Қауіпті кесел тағы 5 адамның өмірін жалмады. Олардың екеуі – Алматы, біреуі – Шымкент қаласының тұрғындары. Нұр-Сұлтанда қайтыс болған тағы біреу Ресей азаматы екен. Ал бесіншісі Маңғыстау облысында әскери қызметкер болған. Сонымен ел аумағында қауіпті кеселден көз жұмғандар саны 25-ке жетіп отыр. Бүгін дерт жұқтырған тағы 50 шақты адам тіркеліп, жалпы індетке шалдыққандар 2 жарым мыңға жуықтады. #коронавирусҚазақстан #COVID19 #coronavirus #жұқтырғандар #қазақстандықтар
Back to Top