Қара Майор

СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, “қара майор“ лақап атымен әйгілі Борис Керімбаев 12 ақпанда 71 жасында дүниеден өтті. Бұдан бір күн бұрын Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери ауруханада жатқан отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың көңілін сұрап, оған Қазақстан әскери барлауына сіңірген еңбегі үшін “Алтын үкі“ төсбелгісі мен алғыс хат тапсырғаны туралы хабарланған еді.
Back to Top