Зинақорлық үлкен күнә
Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.
Құран кәрімде былай делінеді:
«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32)
«Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ.» (Р. Насихин)
«Бір жерде зина және риба көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды.» (Хаким)
«Зинаның дүниеде үш зияны бар:
1- Әдемілікті және жүздегі нұрды кетіреді,
2- Кедейлікке жол ашады,
3- Өмірдің қысқаруына себеп болады.
Ақыреттегі үш зияны:
1- Аллаһу та’ала ашуланады,
2- Қияметте есебі қатаң болады,
3- Жаһаннам отында азап шегуге себеп болады.» (Табарани)