Орындайтын - Жәкен Омаров.
Сөзі - Есенқұл Жақыпбектікі. Әуені - Жәкен Омаровтікі.
«Біздің елдің жігіттері -- жігіттердің төресі»
Айтыстың ақтаңгері, қолына үкілі домбыра мен қауырсын қаламды алма-кезек ұстаған лирик ақын Есенқұл Жақыпбектің «Біздің елдің жігіттері» өлеңі сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басында жазылыпты.
Сол жылдары әнші-композитор Жәкен Омаровтың басына бір қиын іс түсіп, Жамбыл ауданының Қаныбек, Кеңес, Қапан, Есмахан,Тілектес, Әбен, Орынтай сынды рухы биік, бірлігі мық