Ғадын Жәннаттары - Ерлан Ақатаев ᴴᴰ

АЛЛАҒА ҒАНА МӘЛІМ 5 НӘРСЕ Шексіз Білім Иесіне ғана аян көп нәрсе бар, бірақ олардың арасынан аяттағы 5 нәрсе ерешеленеді: 1. Қияметтің (ақырзаманның) қашан болатыны туралы мәліметті Алладан басқа ешкім білмейді; 2. Аспаннан қанша тамшы жаңбыр жауғанын, болашақта қашан және қанша жауатынын тек Ол ғана біледі; 3. Жүкті әйелдің жатырында не болып жатқанын Жаратушы ғана біледі; 4. Әр адамды ертең не күтіп тұрғанын және болашағы қалай боларын Алладан өзге ешкім білмейді; 5. Адам өмірінің қай жерде, қашан және қалай тоқтайтынын да Алла ғана біледі. Бұл туралы Алла Құранда: «Ақиқатында Қиямет күнінің білімі – Аллада. Ол жаңбыр жаудырады және жатырдағыларды біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында, Алла – бәрін Білуші (Алим), бәрінен Хабардар (Хабир)», - деген. («Лұқман» сүресі, 34-аят) Алла – шексіз құдірет иесі, Білуші, Жаратушы. Ол бәрін біледі және Ол білмейтін нәрсе жоқ. Адамның басынан не өткенін және болашақта не боларын тек Ол ғана біледі. Әрбір ад
Back to Top