Кумихо туралы аңыз 1938 - 2/12

Ақсаусақ түлкінің 1938 жылдағы жаңа оқиғаларының екінші бөлімі. Уақыт қақпасын ашуға швейцариялық сағат (жарнама емес деп ойлайық) көмектеспесе де, амалы әрдайым табылады. Құрғақ қасық ауыз жыртар дегендей, үйге қайту амалын білу үшін Ли Ёнға тағы кішкене тырысуға тура келеді. Өзің үшін де, ана нашақор жігіт үшін де күш сал, дейді – ол кезде ұлы кумихоның күші ештеңеге жарамаған. Еш қиыны жоқ: 1. Пойызға отыру. 2. Ұрланған сыбызғыны ұрлау (қай хикаядан ұрланғанын тауып көріңіз). 3. Тапсырыс берушіге қайтару. Бөлімнен білетіндеріңіз: *Ли Ран плацкартта қандай тамақты жеуге ұсынады *Пойызда жаман ағайлар Ли Ёнды қай жерінен ұстаған *Жапондық биоқару үшін тәжірибенің астына түспеу үшін Синджуға қаншалықты жолы болғыш болу керек *Шаштаразда кумихоның басын қалай айналдыру керек және жабысқақ апайларды өлтіру - қаншалықты күнә * Жапондық отарлық кезінде Чосонда сұлулық стандарттары қандай болған *Жапалақ сұлулығын сақтау негіздері мен таудың ех-сақтаушы-рухынан құйрықты ерекектерді қудалау тәсілдері
Back to Top