Лица трансформации

Үздіксіз даму ғана жетістікке жетілейді BusinessLeader бағдарламасына қатысып жатқан «ЕЭК» АҚ электр станциясы цехтарының басшылары тың жобаны қолға алған. Жоба авторларының бірі – станцияны пайдалану жөніндегі басшы Александр Поддубный. Оның кәсіпорындағы қазандық-турбиналық цехта тер төгіп келе жатқанына биыл 16 жылдан асты. Жаяу Мұса атындағы колледжді бітіріп, еңбек жолын қазандық бөмшесінің машинист-қараушы болып бастаған. Кейін еңбегі еленіп, қызмет сатындағы цех бастығына дейін мансабы өрледі. Биылғы маусымда Александр кәсіпорында пайдалану жөніндегі басшысының қызметіне ауысқан. Александр – бесаспап маман әрі саңлақ спортшы. «ЕЭК» АҚ құрамасы сапында үстел теннисінен 2022 жылғы Еуразиялық ойындардың жеңімпазы. Білікті маманға трансформация тансық емес. 2000 жылдары ол станцияның жабдықтарын жаңарту ісіне белсене араласып, түрлі кезеңде күрделі қайта құрулардан өткен алты цехтың үшеуін желіге қосу жұмыстарына атсалысты. Александр трансформацияны – «даму жолы» деп біледі. Осыған дейін жинаған тәжірибесін саралай келе, өзін өзгерістерге не шабыттандыратынын бізге бүкпесіз айтып берді.
Back to Top