Ғұсыл алу барысында жуыну құралдарын пайдалануға рұқсат па?

Ғұсыл алу барысында сабын, шампунь сияқты жуыну құралдарын пайдалануға рұқсат. Дәлел ретінде, Әбу Дәуіттің хадистер жинағында орын алған риуаятта Айша анамыз (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.у.) жүніп кезінде басын «Хитми» өсімдігімен жуды да сонымен шектеліп, (басына) қосымша су құймады» (Әбу Дәуід: Сүнән – Китабут таһарат. №256 бет.) . Ол дәуірде «хитми» өсімдігі сусабын орнына қолданылатын. Бұл - ғұсыл алу барысында шампуньды және сабынды пайдаланудың ағатты жоқ екендігін көрсетеді. Ендеше, ғұсыл алатын кезде сүннетке сай алдымен ниет етіледі. Одан соң бисмилләны айтып, екі қолды білезікке дейін жуады. Бір жерінде нәжіс байқалса, нәжісті жуып кетіру керек. Кейін әурет жерін жуып, артынша әдеттегідей дәрет алады (Егер, ғұсылда құйынған су аяқ астына жиналатындай күйде болса, дәрет алғанда аяқ жууды кейінге қалдырады.). Дәреттен кейін, басына үш рет су құяды. Осы арада басты шампуньмен жуса болады. Одан кейін үш рет оң иығына, сосын үш рет сол иығына су құйып, әр құйғанда денесін ысқылайды. Ысқылау ке
Back to Top