Көктем мезгілінің келуіне орай аудан әкімдігінің 12 наурыздағы № 165 қаулысына сәйкес штаб құрамы бекітіліп, тиісті іс-шаралар жасалынып жатыр. Аталған қаулы негізінде қалалық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерінен, жергілікті полиция қызметкерлерінен және басқада қадағалаушы органдардың мамандарынан арнайы комиссия құрамы бекітіліп, әр ауланың санитарлық тазалығын бақылау үшін тұрақты тексеру жұмыстары жүргізу, мекемелер, кәсіпорындар, ұйым қызметкерлері мен елді мекендер тұрғындарынан бекітілген аумақтарды тазалауға тарту мақсатында аудан бойынша «Таза сенбі» апта сайынғы бірыңғай санитарлық күні белгіленді. Қазіргі уақытта көктемі санитарлық тазарту айлығына 15 мың адам қатысып, елді мекендердегі облыстық, республикалық, аудандық маңызы бар 815 көше, ондағы 25 900 аулалар күл-қоқыстан, арық жүйелерінің 75 шақырымы, автокөлік жолдары жағалауларының 112 шақырымын тазалынуда. Ауданның санитарлық тазалығы көктемі-күзгі санитарлық тазалық айлығында ғана жүргізіліп қоймай жыл бойы қатаң бақылауға алынға
Back to Top