«Tamasha Tv» телеарнасында «Күл Tube» бағдарламасы көрермен назарына жол тартты.

1 сәуірден бастап «Tamasha Tv» телеарнасында «Күл Tube» бағдарламасы көрермен назарына жол тартты. «Әзіл ауылы» – бұл қысқа-нұсқа әзілдер топтамасынан тұратын, тұрақты кейіпкерлері бар бағдарлама. Кейіпкерлер, қарапайым xалық арасында жүрген студент, сылақшы, тіпті жол-патрульдік полициясы болуы мүмкін. Кейіпкерлер қоғамдағы кей мәселелерге жеңіл қарауды үйретіп қана қоймай тығырықтан шығудың оңай әдісін көрсетеді. Бұл – телеөнімнің алға қойған ең маңызды міндеттерінің бірі. Көлемі аз, бірақ сапалы, xалыққа түсінікті, күлкілі әзілдерді топтастырған бағдарлама әзіл жазып жүрген авторлардың шығармашылық тұрғыда дамуына көмегін тигізбек. «Күл Tube» бағдарламасын «Tamasha Tv» арнасынан 1 сәуірден бастап сағат 20:00-де тамашалай аласыздар!
Back to Top