АЗАСТАНА ХОЛЛАНД ПЕН АЛАБА КЕЛЕДІ. ЛТТАР ЛИГАСЫНЫ ЖЕРЕБЕСІ
8 ақпанда Парижде (Франция) футболдан UEFA ұйымдастыратын Ұлттар лигасы турнирінің жеребесі тартылды.
Қазақстан Ұлттар лигасының (Nations League) биылғы маусымында В деңгейінде ойнайды. Сонымен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Австрия, Норвегия және Словениямен бір топқа түсті.
Егер Қазақстан бұл жолы өз тобында бірінші орын алса келесі маусымда А деңгейінде ойнайды. Ал топтан соңғы орын алса, С деңгейіне түседі. 3 орын алса В деңгейіндегі орнын сақтап қалу үшін С деңгейіндегі екінші орын алған командамен ойнайды. Соңғы орын алса бір лига төмендейді.
Қазақстан 2022/2023 жылғы маусымда С деңгейінде ойнаған. Бұл лигада Қазақстан құрамасы Беларусь, Словакия, Әзербайжан бар топтан бірінші орын алып, бір саты жоғарылап, В деңгейіне көтерілген.
Менің әлеуметтік желідегі парақшаларым:
Telegram:
Instagram:
TikTok: @erikersin?_t=8izhVDILTEL&_r=1