НАУРЫЗ 2021: ШЕЖІРЕ КҮНІ

Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды, бата береді. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Мақсаты: Қазақ халқы балаға әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген, “Жеті атасын білу“ заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. “Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар“ деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүйгіштікке баулитынын білген. Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуы
Back to Top