“Мұндай құрметтің керегі жоқ“: Ашынған аналар алтын алқадан бас тартты

#КТКжаңалықтары Алматы облысында алтын алқадан бас тартқан аналарға қатысты дау ушыға түсті! Марапаттың орнына, баспана даулаған әйелдерді әкіммен кездесуге шақырып алған қоғамдық ұйым басшылары күтпеген жерден олардың өздерін жерден алып жерге салды. Атап айтқанда, кейбірінің некесіз бала тапқанын бетіне басты. Көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскендерге қой дейтін жан табылмады. Керісінше, басшылар алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті. #Алматыоблысы #алтыналқа #аналар
Back to Top