Тұтқындардың сөздеріне сенбеске лажым қалмады | 2-Бөлім

Мұстафа Шоқайдың хаттары Самарада бізге солдат шинелін берді, винтовка ұстатты. Харьковте бұл винтовкаларды бізден қайтып алды. Алдыңғы шепке баратын орыстарға беріледі дегенді айтты. Бірнеше күн жүргеннен кейін, бір орманның жанына келгенде, бізді пойыздан түсірді. Осында бізді үш күн үйретті. Төртінші күні біз командиріміздің қашып кеткенін, өзіміздің немістер қоршауында қалғанымызды бір-ақ білдік. Арамызда жолай қосылғандарымыз бар, түркістандықтар бірнеше жүз болыппыз. Бәріміз жиналып, тұтқынға өтуді ұйғардық. Міне, бір түркістандық әскери тұтқындар тобының сөзбе-сөз дерлік жазбасы. Түркістандықтардың тұтқынға өтуіне әуеден тасталатын неміс үндеулері өте зор ықпал етті. Құрметті достар, назарларыңызға қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы. Түркістан автономиясының екінші министр-төрағасы болған Мұстафа Шоқайдың жазбаларынан үзінді ұсынамыз! Мұстафа Шоқайдың жазбалары мен өзге де саясаткерлерге жазған хаттарын алдағы уақытта тұрақты түрде беріп отыратын боламыз. Сіздер арнамызға лайк басып, пікір жаза отырыңыздар. Өзге де қызықты деректерді жіберіп алмас үшін арнамызға жазылуды ұмытпаңыз! Өйткені басқа видеолар тек жазылған достарымызға қолжетімді болады. Сіздерге Алла разы болсын! 1-Бөлім: #МұстафаШоқай #Париж #МұстафаШоқайХаттары
Back to Top