Димаш Құдайберген - All by myself

Димаш Құдайберген The World’s Best байқауында Селин Дионның әнін шырқады. Димаш Құдайберген Америкада өтіп жатқан The World’s Best жобасының екінші кезеңінде өнер көрсетті. Димаш әйгілі Селин Дионның All by myself әнін тізерлеп отырып орындап, қазылар алқасын тәнті етті. Димаштың өнерін қолдау үшін бұл жолы ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар АҚШ-қа аттанды. Жұлдызды жұп ұлдары өнер көрсетіп тұрған сәтте қуаныштан эмоцияларын жасыра алмады. Ал жоба жүргізушісі мен төрешілері Димаш ән салғанда таңдай қағып, қарап тұрды. Төрешілердің бірі Димашқа қатысты тек бір ғана айтары бар екенін мәлім етті. “Жұлдыз туылды”, – деді ол.
Back to Top