Елімізде COVID-19 бен пневмониядан бір тәулікте 50 адам көз жұмды

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды. Оның 34-ті осы індеттен, 16-сы коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 25912 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 139 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36-сының жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.Елімізде 1 тамыздан бастап коронавирус статистикасына коронавирустық пневмония да қосылатын болды. Оған тест теріс нәтиже көрсеткен және COVID-19-ға ұқсас пневмониялар кіреді. 1-6 тамыз аралығында коронавирустық пневмонияға шалдыққан 9 584 науқас тіркелген. Бес күннің ішінде 102 адам қайтыс болды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top