Бек Эйр: депутаттар әділ тергеуді талап етті

Осы аптада Бек Эйр билеттің ақшасын қайтармай жатыр деп тағы шулады жұрт. Әуе компаниясының лицензиясы берілмейінше ақшаны қайтару мүмкін емес делінген еді. Абырой болғанда, апта соңын ала компания басшылығы мәлімдеме жасап елдің ақшасы қайтарылады деді. Осылай билет дауы асқынып тұрған кезде апаттан тірі қалған екінші пилот көз жұмды. Мейіржан Молдақұловтың денсаулығы кенеттен сыр беріп, көмекке келген дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Тәуір болып, сөзге келген ұшқыштың кенеттен келмеске кетуі көпшілікте сұрақ туғызды. Депутаттар Премьер-министр мен бас прокурордың атына сауал жолдап, әділ тергеуді талап етті. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top