WORLDSKILLS COMPETITION 2017. ӘБУ-ДАБИ

Жастар арасында түрлі мамандықтарды насихаттау және кәсіби дайындықты шыңдауды көздейтін WorldSkills халықаралық қозғалысы биылғы үшінші жыл қатарынан жалғасын тапты. Биылғы чемпионат Әбу-Дабидегі Ұлттық көрме орталығында өтуде. Біздің ұлттық құрамамыз визуал мерчендайзингтен бастап, ұсталыққа дейінгі 23 құзыреттілік бойынша 77 елдің жастарымен сынға түседі. Әлем чемпионатындағы қызу тартыс даяшылар арасында өтуде, оған Қазақстанның өкілі биыл алғаш рет қатысып отыр. Қызмет көрсету саласында жүрген ең үздік деген 37 шебер жеңімпаз болуға талпынады, олардың арасында қазақстандық Полина Сидельникова да бар. Ол мейрамханаларда, кофеханаларда және асханаларда тәжірибе жинаған, ал теорияны Қарағандыдағы арнайы колледжде оқыған.
Back to Top