Ардақ Назаров-Өмір деген қымбат нәрсе

“Ең жақсы адам, ол қолымен де, тілімен де ешкімге зиян тигізбейтін адам!“ “Адамдардың ең жақсысы адамдарға пайдалысы“ деген ғой сүйікті Пайғамбарымыздың (сғс) хадистерінде. Өмір өлшеулі ойлансын деп ақыл берді Алла Тағала... Ойлан! Ойлан бауырым! Бүгінгі күніңе қара, өзіңе-өзің есеп бер, кемшіліктеріңді түзе, мінезіңді көркемде, біреуді сөкпе, тіліңнен тек жақсы сөз шықсын. Өйткені ол өзіңе пайда. Көптің бірі болма, тірі бол. Жақсы адамдардың бірі бол. Ата-анаңды құрметте, батасын ал, өмірің берекелі болады. Тек жақсы ойла, жүрегің тыныш болады. Өтірік айтпа, қадірлі боласың. Кешірімді бол, сонда ұйқың тыныш, ғұмырың ұзақ болады. Ең бастысы Аллаға адал бол, халқыңның қызметінде бол. Міне үлкен табыс деген ОСЫ... . . . Жұма берекелі әрі қайырлы болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын бауырларым!
Back to Top