Ақшалай көмек: Мақтааралда күйзеліс пен үміт арасында жүрген елдің жайы

#КТКжаңалықтары Мақтаарал ауданында баспанасы суға кетіп үйсіз қалған 6 мыңнан астам адамға 100 мың теңгеден көмек беріледі. Сондай-ақ үйі қызыл суда қалған үш ауылдың жұрты аудан орталығы Мырзакент маңынан түсетін жаңа шағын ауданға көшірілетін болды. Тағы екі ауыл тұрғындарына билік таңдау жасауға мүмкін берген. Яғни, суда қалған үйінің не ақшасын алуға болады немесе басқа ауылға көшу мүмкіндігі бар. Ал тұрғындар суда тұрған үйіне қайықпен барып, алып кетуге болатын заттарын әлі тасып жатыр. Үйсіз қалып күйзеліс пен үміт арасында жүрген ел жайын тілшіміз айтады. #Түркістаноблысы #Мақтаарал #тасқын #тұрғындар #баспана #үйлер
Back to Top