Мас кйінде клік жргізген астаналы жас ызды аып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда қаласында мас күйінде көлік басқарған ер адам жас қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Lexus» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ә.Бөкейханов көшесімен келе жатып, жаяу жүргінші - 24 жастағы қызды қағып кеткен. Жүргізушінің құжатын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісін байқаған. Медициналық куәландыруға сәйкес көлік жүргізушісінің мас болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған бойжеткен қалалық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.