йыр музыкалы комедия театры ЧОЛПАН (Шолпан) сыйлыын бекітті.

Құрметті көрермендер! Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры 2024 жылы ұжымдағы қызметкерлердің шығармашылығын лайықты бағалау мақсатында «ЧОЛПАН» («Шолпан») сыйлығын бекітті. Ол сіздердің тікелей дауыс берулеріңіз арқылы «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік биші», «Үздік әнші», «Үздік музыкант» номинациялары бойынша беріледі. Ережесі: Әр жылы театр маусымы ашылғаннан бастап, сахнада көрсетілген қойылымдарды тамашалаған көрермен жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша таңдау жасап, «ең үздік» деп таңдаған өнер иесінің аты-жөні жазылған қағазды арнайы қорапқа салу арқылы дауыс береді. Театр маусымы аяқталған соң дауыс беру қорытындысы шығарылып, ең үздіктер салтанатты түрде сыйлықтармен марапатталады.
Back to Top