Қарқаралыдағы қызыл жалын басылар емес. Өртенген жердің көлемі 3 мың гектарға таяды

#КТКжаңалықтары Қарқаралы ұлттық бағындағы өртенген жердің көлемі 3 мың гектарға таяп қалды. Тілсіз жаумен күреске Қарағандыдан келген сарбаздар да атсалысып жатыр. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан тікұшақ пен арнайы техникалар көмекке жеткен. Алайда өрттің 4-ші күні онымен арпалысып жүргендерге ауыр тиіп жатыр. Себебі жел көтеріліп, қызыл шоқты құрғақ шөпке түсіруде. Тіпті осыған дейін әрең өшірілген аумақтар қайта лап етіп жатыр. #Қарағандыоблысы #Қарқаралыұлттықбағы #өрт
Back to Top